Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті

    Жалпы ақпарат

    Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Департамент:

    • амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасынан;
    • стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек басқармасынан;
    • медициналық қызметтердің көлемін болжамдау және жоспарлау басқармасынан;
    • әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасынан;
    • қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету басқармасынан;
    • қоғамдық денсаулық сақтау және ҮЕҰ серіктестік басқармасынан тұрады.