ҚР ЭМ Жер қойнауын пайдалану департаменті
Жалпы ақпарат
Департаменттің негізгі функциялары:
- реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
- жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия туралы ережені, жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның құрамын әзірлейді және бекітеді;
- аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептер нысаны мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектер және уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды жүргізу жөніндегі комиссияның көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарын ұйымдастырады және өткізеді;
- реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді орындайды;
- базалық жобалау құжаттарының және әзірлемелер талдауларының тәуелсіз сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады;
- көмірсутек және уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды мемлекеттік тіркеуді және сақтауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес көмірсутек шикізатын барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге және уранды өндіруге арналған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету;
- жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
- ұлттық компания мен құзыретті органның арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;
- конкурс жеңімпазы немесе тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлға әзірлеген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасын келіседі;
- жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;
- заңнамада белгіленген тәртіппен жүктелген осы міндет шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;
- Министрліктің жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның отырысына материалдар дайындайды;
- жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының экономикалық сараптамасын жүзеге асыру тәртібін келіседі;
- көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар өткізу жөніндегі комиссияның құрамын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушы өткен жылы шеккен өндіруге арналған шығыстардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
- өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
- халықаралық арбитраж және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын даулар бойынша сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;
- басым жұмыстар мен қызметтердің тізбесін әзірлейді,олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектерді барлау мен өндіруге, уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;
- көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге және уран өндіруге арналған келісімшарт жасасады;
- мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;
- көмірсутектер мен уран бойынша келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарт аумағын сенімгерлік басқару шартын жасасады;
- жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауы мониторингінің тәртібін айқындайды;
- жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп көмірсутектерді өндіру және уран өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектерге және уранды өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын үндестіру қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын ұсыну нысандары мен қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы операторды айқындайды;
- тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- жұмыс бағдарламасы нысандарының мазмұнын әзірлейді, олардың бекітілуін және тіркелуін қамтамасыз етеді;
- өз құзыреті шегінде Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментімен бірлесіп мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
- Департаментпен әзірленген және (немесе) қабылданған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді (оның ішінде Департамент жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша), және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.