Ғылым және инновациялар департаменті
Жалпы ақпарат
Департаменттің негізгі функциялары:
- Агенттікті реттеу саласындағы тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
- Агенттіктің Ғылыми-техникалық кеңесін (бұдан әрі –ҒТК) құруды қамтамасыз етеді;
- ҒТК туралы ережені әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
- ҒТК туралы ережеге сәйкес ҒТК қызметін қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды Агенттіктің реттеу саласындағы тиісті салада іске асыруды жүзеге асырады;
- бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Агенттіктің реттеу саласындағы тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітуді қамтамасыз етеді;
- ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын базалық қаржыландыру субъектілерімен ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;
- ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
- мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;
- ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысады;
- Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен және ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, өткен жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
- жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын Агенттіктің ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушылық-әдістемелік үйлестіруді жүзеге асырады;
- ғылым мен инновация бөлігінде атом энергиясы нпайдалану саласындағы республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
- Агенттік реттейтін салаларда ғылымды,технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың («Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚРМК, «Ядролық физика институты» ШЖҚРМК)қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- Абай облысының Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген өзге де ғылыми орталықтар мен кластерлердің базасында Ғылым қалашығын құруға қатысады;
- өз құзыреті шегінде Агенттік реттейтін салаларда ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамытуға инвестициялар тарту үшін ұсыныстар әзірлейді;
- Департамент құзыреті шегінде халықаралық ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысады;
- атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми және инновациялық қызметтің дамуына елдік талдау жүргізеді және үздік тәжірибелерді бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- Агенттіктің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының басым бағыттары бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмаларды әзірлейді, оларды өз құзыреті шегінде әдістемелік сүйемелдеуді және сараптаманы қамтамасыз етеді.
Ғылым және инновациялар департаментінің қарауында:
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК https://www.nnc.kz/kz
- «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК https://inp.kz/kz