Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті
Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Департамент құрылымы:
1) Халықаралық ынтымақтастық басқармасы;
2) Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқарма.
Департамент міндеті:
мемлекеттің сыртқы саяси бағдарына сәйкес шетелдік мемлекеттермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен, сарапшы және ғылыми топтарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) басым бағыттары бойынша және ынтымақтастықтың құрылған тетіктерін дамыту бойынша, соның ішінде халықаралық сипаттағы жасалған актілер, келісімдер (меморандумдар) жасасу туралы келіссөз үрдістері, сондай-ақ Министрлік қызметінің өзге де нұсқаулықтары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
2)Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапарлары барысында, ресми топтардың өкілдерінің еңбек, жұмыспен қамту, миграция, әлеуметтік қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша шетелдік іссапарлардың қорытындылары бойынша, сондай-ақ жоғарғы, үкіметаралық және ведомствоаралық келіссөздер деңгейінде уағдаластықтарды жүзеге асыру;
3) өзара әрекеттеудің мүмкін түрлерін анықтау, Министрліктің қызметі туралы өзекті және дәйекті ақпаратты дайындау және ол туралы позитивті кескінді қалыптастыру мақсатында Министрлікпен ынтымақтастыққа қызығушылығын білдіретін шетелдік мемлекеттердің өкілетті органдарымен, өңірлік интеграциялық бірлестіктерімен, халықаралық ұйымдармен, сарапшы және ғылыми топтармен өзара әрекеттесу;
4) ведомствоаралық, үкіметаралық және мемлекетаралық шарттарды және өзге де халықаралық сипаттағы актілерді әзірлеу, жасасу және ратификациялау, сондай-ақ қызметтің қадағаланатын салаларында көпжақты халықаралық шарттарға қосылу бойынша ұсынысарды әзірлеу және мемлекетішілік үрдістерді өткізу;
5) үкіметаралық комиссиялар шеңберіндегі ынтымақтастық және қабылданған уағдаластықтар мен шешімдерді жүзеге асыру;
6) еңбек, жұмыспен қамту, миграция, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стратегиялық мәселелер бойынша сектораралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;заманауи инновациялық технологияларды пайдалану бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу және еңбек, жұмыспен қамту, миграция, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерін реформалау және оны қадағаланатын сала қызметіне тарту.