Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері
- Екіжақты ынтымақтастық басқармасы :
5.1 Міндеті: Министрліктің екіжақты ынтымақтастық бойынша қызметтерін ұйымдастыру осы бағыт бойынша талдау және жинақтау жұмысы.
5.2 Функциялары:
стратегиялық:
1) Министрліктің халықаралық екіжақты ынтымақтастық бойынша талдамалық, жиынтық жұмыстарын орындау, жиынтық талдамалық есептерді, анықтамаларды дайындау, сондай-ақ Министрліктің басшылығына халықаралық қызметте Министрлікке жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға тікелей әсер ететін ұсыныстар енгізу;
реттеушілік:
1) Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру мен әзірлеуге қатысу;
іске асыру:
- құрылымдық бөлімшелердің қазақстандық ұстанымды қалыптастыруына үкіметаралық комиссиялар, жұмыс топтары, комитеттер шеңберінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
- Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік саясатын әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін халықаралық шарттардың, тұжырымдамалардың, келісімдер мен меморандумдардың жобаларын келісу;
- Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлікпен реттелетін салаларындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізуге және іске асыруға тікелей байланысты келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
- Министрліктің құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарға қол қоюға дайындау барысына, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау барысына мониторингті жүзеге асыру;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық шарттар ережелерін орындау барысына мониторингті жүзеге асыру;
- халықаралық шарттар және келісімдер міндеттемелерінің орындалуы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне жыл сайынғы есепті дайындау;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, халықаралық шарттарды жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарға ұсыныстарды дайындау және ҚР Сыртқы істер министрлігіне жолдау;
- құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде Министрліктің шетелдік іссапарларға және өкілдік шығыстарға арналған бюджетін әзірлеу, Министрлік қызметкерлерінің шетелдік іссапарларының мақсаттылығын ескере отырып, оларды келісу және осы қаражаттың жұмсалу есебін жүргізу;
- Министрдің шетел елдерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруды және хаттамалық бөлігін қамтамасыз ету (рұқсаттама, хаттама, анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету);
- жетекшілік ететін салаларда Министрдің қатысуымен өтетін халықаралық ынтымақтастық бойынша конференцияларға, кездесулерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
- Басқарманың құзыреті шегінде ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
- Департамент пен құрылымдық бөлімшелердің Министрлік ішіндегі кездесулері бойынша тиісті формаға сәйкес әңгіме жазбаларының есебін мониторингілеу, шетелдік делегациялармен кездесу үшін рұқсаттамалардың мониторингі;
- Басқарма құзыреті шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара әрекеттесу;
- Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
- Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
- Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Басқарма құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
- Министрдің шет мемлекеттерге іссапар және екіжақты кездесулер нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын бақылау;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Департамент құзыреті шегіндегі ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
- ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
- Министр және өз құзыреті шегінде аппарат басшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген басқа функциялар.
- Көпжақты бастамалар басқармасы :
6.1 Міндеті: Министрліктің көпжақты бастамалар бойынша қызметтерін ұйымдастыру осы бағыт бойынша талдау және жинақтау жұмысы.
6.2 Функциялары:
стратегиялық:
1) Министрліктің халықаралық көпжақты ынтымақтастық бойынша талдамалық, жиынтық жұмыстарын орындау, жиынтық талдамалық есептерді, анықтамаларды дайындау, сондай-ақ Министрліктің басшылығына халықаралық қызметте Министрлікке жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға тікелей әсер ететін ұсыныстар енгізу;
реттеушілік:
1) Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру мен әзірлеуге қатысу;
іске асыру:
- құрылымдық бөлімшелердің қазақстандық ұстанымды қалыптастыруына интеграциялық бірлестіктер шеңберінде (ТМД, ШЫҰ, ТМҰ, БҰҰ, ҰҚШҰ, ИЫҰ, СВМДА және тағы басқа) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
- Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік саясатын әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін халықаралық шарттардың, тұжырымдамалардың, келісімдердің, меморандумдардың жобасын келісу;
- Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлікпен реттелетін салаларындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізуге және іске асыруға тікелей байланысты келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
- құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде Министрліктің шетелдік іссапарларға және өкілдік шығыстарға арналған бюджетін әзірлеу, Министрлік қызметкерлерінің шетелдік іссапарларының мақсаттылығын ескере отырып, оларды келісу және осы қаражаттың жұмсалу есебін жүргізу;
- Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
- Министрдің шетел елдерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруды және хаттамалық бөлігін қамтамасыз ету (рұқсаттама, хаттама, анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 005 «Шетелдік іссапар» және 006 «Өкілдік шығыстары» бюджеттік бағдарламаларын қалыптастыру және мониторингілеу, сондай-ақ аппарат басшысымен келісім бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында қаражат бөлу;
- Министрлiктiк қызметкерлерiнiң шетелдік іссапарлары бойынша нысанға сәйкес есеп мониторингін жүргізу;
- Халықаралық ұйымдарға мүшелік жарналарды төлеу үшін бюджеттік өтінімдерді беру жұмыстарын бақылау;
- Жетекшілік ететін салаларда Министрдің қатысуымен өтетін халықаралық ынтымақтастық бойынша конференцияларға, кездесулерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
- Басқарманың құзыреті шегінде ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
- Басқарма құзыреті шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара әрекеттесу;
- Басқарма құзыреті шеңберінде кіріс және шығыс ақпараттары бойынша материалдарды және тұжырымдамаларды уақытылы әзірлеу;
- Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Басқарма құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
- Министрдің шет мемлекеттерге іссапар және екіжақты кездесулер нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын бақылау;
- ведомствоның құзыретіне кіретін халықаралық құжаттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау;
- ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
- Министр және өз құзыреті шегінде аппарат басшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген басқа функциялар.
- Департамент өз құзыреті шегінде өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін құқылы:
- Департаменттің міндеттерін орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан қажетті қосымша ақпараттарды сұратуға және алуға;
- Департаменттің өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- құрылымдық бөлімшелермен келісу бойынша Министрліктің жетекшілік ететін салаларында мемлекеттік саясатты айқындау мен іске асыруға тікелей әсер ететін Министрліктің жалпы ұстанымын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және Министрлікте құқықтық жаппай оқыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін тартуға;
- құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін сот талқылауларына қатысуға тарту;
- заңнаманы бұзуға жол берген адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерге бастама жасауға;
- нормативтік құқықтық актілер қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, оларға қол қоюдан бас тартуға;
- шығарылатын нормативтік құқықтық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға негізделген ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау;
- басшылықтың келісімімен Министрліктің, оның ведомстволарының жұмыскерлерін құқықтық оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, семинарлар, кеңестер өткізуге;
- Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
- Департамент өз құзыреті шегінде өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының өтініштеріне байланысты немесе өзара жұмыс тәртібінің қарым-қатынасы кезінде нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, кеңес беру бойынша ұсынымдар беруге;
- Атқаратын функционалдық міндеттерін орындау кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
- Министрліктің құзыретіне кіретін құқықтық мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда Министрліктің атынан өкілдік етуге;
- Мемлекеттік органдардың, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін кеңестердің, отырыстардың, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысуға;
- Департаментте мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;
- Департаменттің өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
- басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;
- Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.