Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Жалпы ақпарат
Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департаменттің мақсаттары: Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және жүзеге асыру; Министрліктің шет елдермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытындағы қызметін ұйымдастыру; Министрліктің халықаралық ұйымдармен көпжақты бастамаларды дамыту жөніндегі қызметін ұйымдастыру; шетелдік әріптестермен екіжақты ынтымақтастықты және көпжақты бастамаларды дамытуға қатысты мәселелер бойынша талдамалық және жиынтық жұмыстар жүргізу.