Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің негізгі міндеттері:

    1) халықаралық стандарттарды (Базель банктік қадағалау жөніндегі комитетінің, Халықаралық сақтандыруды қадағалау органдары қауымдастығының, Халықаралық зейнетақыны қадағалау ұйымының, Бағалы қағаздар бойынша комиссиялардың халықаралық ұйымының, Еуропа Одағының, Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің) ескере отырып Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде қаржы нарығын реттеу тәсілдері мен әдістерін айқындау;

    2) қаржы ұйымдарының адал бәсекелестік қағидаттары бойынша жұмыс істеуі үшін тең жағдайды қамтамасыз ету;

    3) қаржы нарығында теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау.

    4) қаржы ұйымдарын дамыту.