ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті

    Жалпы ақпарат

    Мақсаты:

    1) Министрлікте бірыңғай құжатайналымы жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру;

    2) Министрлікте бақылаудағы құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

    3) Министрлік басшылығын құжат айналымы мен бақылаудағы құжаттарды орындау жөніндегі талдамалық және статистикалық деректермен қамтамасыз ету;

    4) Министрліктің негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды тіркеуді ұйымдастыру;

    5) Министрлікте Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының талаптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіл саясаты, терминология және ономастика мәселелері жөніндегі Жарлықтарын, қаулылары мен өзге де құқықтық актілерінің талаптарын іске асыру;

    6) Министрлікте тіл саясаты мәселелері жөніндегі заңнаманың талаптарын іске асыру.