ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Функциялар:
1) Мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
4) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беру;
7) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы құжат беру;
8) өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының сертификатын беру (Кимберлий процесінің сертификаты);
9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
10) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігімен бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады;
11) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру;
12) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі сараптама кеңестерімен, жеке және заңды тұлғалармен Техникалық реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультативтік-кеңесші органдарды құру жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу.