Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

    Жалпы ақпарат

    Қызметі:

    1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру;

    2) құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, жүргізу және өңдеу;

    3) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу;

    4) құқықтық статистика мәселелері бойынша статистикалық бақылаулар жүргізу;

    5) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Комитет Төрағасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзушылықтарын анықтауға және жоюға бағытталған, оның ішінде қылмыстар туралы өтініштерді қабылдау, тіркеу және есепке алу туралы заңнаманы қолдануды, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі ведомстволық комиссияның жұмысын кешенді бақылау және қадағалау шараларын іске асыру;

    6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

    7) тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    8) бірыңғай мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені құру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу салалары кешенінің дамуы, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету;

    9) Қазақстан Республикасы заңнамасының, аймақтық деңгейде қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуын статистикалық сүйемелдеу, қалыптастырылатын автоматтандырылған деректер қорында арнайы есепке алу мәліметтерінің толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;

    10) аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайын кешенді талдау мен болжамды жетілдіру, қоғамдағы құқықтық құбылыстардың кешенді мониторинг жүйесін құру;

    11) құқықтық статистикалық деректер мен мәліметтерді жариялау және тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

    12) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы үздіксіз кәсіби білім беру және кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

    13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қолданыстағы халықаралық тәжірибені зерделеу;

    14) қалыптастырылатын статистикалық деректердің толықтығын, дұрыстығын және жеткіліктігін қамтамасыз ету;

    15) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;

    16) Басқарманың өкілдеріне есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдау және қадағалау қызметін жүзеге асыруына практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

    17) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Комитеттің Имидждік бағдарламасын, Медиа-жоспарларын жүзеге асыру аясында, атап айтқанда, азаматтар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің конституциялық құқықтарын қорғау және қалпына келтірудегі оның рөлін жариялау мәселесінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу, жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру, Комитет қызметіне қатысты жарияланған ақпаратты талдау және оның ізіне түсу;

    18) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мен оны жүйелеу саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

    19) есепке алу және есептік құжаттамалардың автоматтандырылған өңделуін ұйымдастыру және дамытуды қамтамасыз ету, сапаның жақсартылуы және оларды өңдеу мерзімдерінің қысқартылуы бойынша жұмыстарды жүргізу;

    20) Комитеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін дамыту, енгізу және сүйемелдеу жұмыстарын іске асыру;

    21) бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерді тіркеу, есепке алу және бақылауды жүргізу;

    22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.