ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Кадр қызметі департаменті

    Жалпы ақпарат

    Мақсаттары:

    1) Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;

    2) Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;

    3) Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту;

    4) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтауды үйлестіру;

    5) Министрліктің қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалауды өткізуді қамтамасыз ету;

    6) әскери міндетті қызметкерлерді брондауды қамтамасыз ету;

    7) Департамент Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.