Кадр қызметі департаменті

    Жалпы ақпарат

    Қызметі:
    1) Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;
    2) Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;
    3) Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту;
    4) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтауды үйлестіру;
    5) Министрліктің қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалауды өткізуді қамтамасыз ету;
    6) әскери міндетті қызметкерлерді брондауды қамтамасыз ету;
    7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды үйлестіру;
    8) Департамент Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.