Заң қызметі департаменті

    Жалпы ақпарат

    Заң қызметі департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

    Департаменттің мақсаттары: Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамсыздандыру; нормативтікқұқықтық актілердің, шарттардың, сондай-ақ басқа заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдіру және жалпылау; Министрліктің құзыреті шегінде құқықтық ағарту жұмысын ұйымдастыру.