ҚР ІІМ Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаменті
Жалпы ақпарат
Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаменті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі.
Департамент:
1) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан;
2) Шарттық және наразылық-талап жұмысы басқармасынан тұрады.
Міндеттері:
1) Министрлік қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) Министрліктің заңнаманы қолдану практикасын жинақтау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, Министрлікте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
4) құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.