Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті
Департаменттің мақсаты: мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және оны әдіснамалық сүйемелдеу, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыру (ғимараттарды, құрылыстарды салу, реконструкциялау, жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу), мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу және дамыту, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру объектілерін, оның ішінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жобаларын әдіснамалық сүйемелдеу, үйлестіру, мониторингтеу және іске асырылуын бақылау, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылуын үйлестіру, мониторингілеу, бақылау болып табылады.