ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаменті
Ақпараттық саясат департаменті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының ішкі істер органдарында ішкі және сыртқы коммуникацияларды қамтамасыз ететін ІІМ қызметі туралы ақпаратты алуға және таратуға, ішкі істер органдарының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған дербес құрылымдық бөлініс.
Департамент:
1) Басшылықтан;
2) Сыртқы коммуникациялар басқармасынан;
3) Мониторинг және дағдарысқа қарсы коммуникациялар басқармасынан;
4) Ішкі коммуникациялар басқармасынан;
5) Кеңседен тұрады.
Міндеттері:
5.1. Ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасу;
5.2. ІІМ қызметі туралы ресми ақпаратты дайындау және тарату;
5.3. Жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;
4. БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жасау және талдау;
5. ІІО-да тілдерді дамыту мен қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
6. Департамент Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген ақпараттық және имидждік жұмыстар бойынша басқа да міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Департаментке оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.