ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаменті

    Жалпы ақпарат

    Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Негізгі міндеттері:

    1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    2) Елді мекендер шегінде тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    3) Өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.