"Теңіз" кеден бекеті
Жалпы ақпарат
«Теңіз» кеден бекеті мамандандырылған ішкі кеден бекеті болып саналады. Өнеркәсіптік, сондай-ақ, өндірістік-техникалық мақсатта, Теңіз жобасы шеңберінде автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлік түрлерімен кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік ресімдеу мен шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асырады.
Өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулердің, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қорғалуын сақталуын қамтамасыз етеді.