ҚР ЭМ мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті

    Жалпы ақпарат

    Мұнай және газ саласындағы мемлекеттік бақылау Департаменттің және аумақтық бөлімшелердің негізгі функциялары

    Байланыс

    Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті ( бұдан әрі – Департамент) жер қойнауын пайдалану саласының көмірсутектер және уран өндіру бөлігінде, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбырлар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

    Департамент көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік қызмет көрсетеді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану саласының көмірсутектер және уран өндіру бөлігінде, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбырлар салаларында және жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    Нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады.

    Қолда бар ақпаратқа, соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталын және ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы талдау жүргізіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлейді.

    «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелерінің қызметін үйлестіреді.