Қаржы және корпоративтік басқару департаменті
Қаржы және корпоративтік басқару департаменті
(Департамент) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің
құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Департамент Ережесін басшылыққа алады.
Департаменттің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасына сәйкес Министрліктің бюджетті жоспарлауын жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуын үйлестіру және мониторингілеу, бухгалтерлік есеп және есептілік, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын іске асыру болып табылады.