Қаржы департаменті
1) Министрліктің үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну, ағымдағы қаржы жылының көрсеткіштерін нақтылау және түзету;
2) Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) үш жылдық кезеңге және ағымдағы қаржы жылына бекіту (қайта бекіту);
3) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыну;
4) Су ресурстары және ирригация саласында заңдарда, ұлттық жобаларда және заңнамалық актілерде мемлекеттік бюджеттің кіріс және (немесе) шығыс бөлігін ұлғаюын регламенттейтін нормаларды әзірлеуге қатысу;
5) ғылыми зерттеулердің, консультациялық қызметтердің және мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
6) бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша табиғи нормаларды әзірлеу және бекіту;
8) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік органдарды ұстауды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер санының салалық нормативтерін әзірлеу, бекіту және бекіту;
9) жоспарлау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
10) Министрліктің Даму жоспары мен бағдарламалық құжаттарына Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарына өз құзыреті шегінде мониторинг пен бақылау жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
11) министрліктің ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетін нақтылау немесе түзету жөніндегі жобаны әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
12) қажет болған жағдайда Министрліктің орталық аппаратының штат кестесін дайындау және бекіту және Министрлік ведомстволарының штат кестелерін бекітуге келісу;
13) мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
14) Министрлікте, оның ведомстволарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында көрсетілген мәселелер бойынша бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау, үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
15) су ресурстары және ирригация саласында көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
16) су ресурстары және ирригация саласындағы арнайы автокөліктің нормалары бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
17) өз құзыреті шегінде құжат жобаларын, құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеу;
18) осы міндеттердің шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру;