Қаржы департаменті
Қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департаменттің мақсаты: мемлекеттік саясат шеңберінде Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерімен Бюджеттік бағдарламалар жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту жұмысын үйлестіру, сонымен қатар Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджетін алдағы қаржы кезеңіне жиынтық-бюджеттік жоспарлау; Министрліктің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Даму жоспарларын, оның орындалуы бойынша есепті әзірлеу, келісу және бекіту жұмысын үйлестіру, сонымен қатар Министрліктің қарауындағы мемлекеттік активтерге мониторингі жүргізу.