ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:
    1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
    2) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
    3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
    4) Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
    5) Өз құзыреті шегінде рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
    6) қоғамдық тыңдауларға қатысады;
    7) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді;
    8) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама немесе қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында I санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді;
    9) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобаларға экологиялық сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
    10) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
    11) құзыреті шегінде объектілердің қоршаған ортаға эмиссияларына рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
    12) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияны, рұқсатты, шарттарды (келісімшарттарды) беруді келіседі;
    13) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы ұсыныстар енгізеді;
    14) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
    15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
    16) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
    17) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    18) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    19) жер қойнауының қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    20) әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
    21) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптардың бұзылуы және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды;
    22) конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен ұсынылатын кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын келіседі;
    23) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    24) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    25) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтірген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
    26) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
    27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
    28) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;
    29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
    30) өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік, Мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
    31) құзыреті шегінде кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды келіседі;
    32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.