Мектепке дейінгі білім беру департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мектепке дейінгі білім беру саласында басшылықты жүзеге асырады.
Департамент екі басқармадан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны және әдіснамасы басқармасы және Мектепке дейінгі білім беруді мониторингілеу, талдау және стратегиялық дамыту басқармасынан тұрады.
Міндеті: мектепке дейінгі білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Министрліктің құзыретіне жататын бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту үшін стратегиялық бағыттарды айқындау, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты үйлестіру.