ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті
Мақсаттары:
1) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
2) цифрлық трансформация және реттелетін салаларда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және жүзеге асыру, сондай-ақ Министрліктің тұтас Архитектурасын қалыптастыру;
3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, олардың ведомстволарында және аумақтық органдарында бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг нысанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) Министрліктің «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу.