Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті
Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Мақсаты:
1) Министрліктің цифрлық трансформациясын ұйымдастыру және кешенді басқару;
2) «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша Министрліктің тиімділігін бағалауды жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3) Министрліктің жетекшілік ететін салаларын цифрландыру бойынша жұмысты үйлестіру;
4) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
5) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын, Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша тиісті жылдарға арналған жоспарларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.