Smart Region департаменті
Жалпы ақпарат
Smart Region департаменті келесі құрылымдық бөлімшеден тұрады:
- Smart City басқармасы.
Smart City басқармасымен келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүзеге асырады:
- «Ақылды қалалардың эталондық стандарты» құжатын әзірлеу және қажеттілікке қарай өзектендіру;
- өңірлерде цифрландыру жобаларын іске асыру бойынша облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
- Департамент құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу;
- өңірлер арасында «Ақылды қалалар» рейтингін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- «Ақылды қалалар» саласындағы бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша өңірлердің жұмысын үйлестіру;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарына арналған талдамалық материалдарды, анықтамаларды, шешім жобаларын және презентацияларды дайындау.
Сонымен қатар, Smart Region департаментінің қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жұмыс топтарының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың заңнамалық актілер жобаларын әзірлеу жұмысына қатысады.
Сондай-ақ Департамент жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кері байланыс пен консультация береді.
Также Департамент рассматривает обращения физических и юридических лиц, обеспечивает предоставление обратной связи и консультирование по вопросам, входящим в его компетенцию.