ҚР ЭМ Цифрландыру департаменті
Департамент цифрлық технологияларды цифрландыру және енгізу жөніндегі, сондай – ақ есептеу техникасының қазіргі заманғы құралдарын және озық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Министрліктің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, пайдалану және дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және үйлестіру бойынша жұмыстарды өткізеді. Компьютерлік техника мен бағдарламалық өнімдерді, жүйелік-есептеу техникасын сүйемелдеуді, алдын алуды, жедел қызмет көрсетуді және техникалық жай-күйін тексеруді, пайдаланушылардың жұмыс станцияларын сүйемелдеуді, желілік қосылыстарды бақылауды, серверлерді әкімшілендіруді және Министрліктің орталық аппаратын бағыттауды, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарт негізінде ұйымдастырады.