ҚР ІІМ Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті
Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті – ақпараттандыру саласындағы технологияларды дамытудың қазіргі заманғы деңгейін және мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті техникалық қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, ақпараттандыру саласында жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және ІІО-ны ақпараттық және байланыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылған Ішкі істер министрлігінің дербес құрылымдық бөлінісі.
АБД:
1) Басшылықтан;
2) Ақпаратты техникалық қорғау басқармасынан;
3)Телекоммуникациялар және автоматтандырылған жүйелер басқармасынан;
4) Радиобайланыс және корпоративтік желі басқармасынан;
5) Озық технологиялар басқармасынан;
6) Ақпараттық қамтамасыз ету басқармасынан;
7) Кеңседен тұрады.
Міндеттері:
1) технологияларды дамытудың қазіргі заманғы деңгейін ескере отырып, ІІО-да ақпараттандыру, байланыс, ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттарды техникалық қорғау саласында бірыңғай саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
2) ақпараттандыру, байланыс және ақпараттарды техникалық қорғау саласында ІІО-ның қызметін техникалық қамтамасыз ету;
3) ақпараттандыру, байланыс және ақпаратты техникалық қорғау саласында ІІО-ны дамыту;
4) ІІО-ны ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік құпиялардың техникалық қорғалуы мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) ІІО-ны ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Републикасы ІІО-ның бөліністерін оларға жүктелген тапсырмаларды іске асыру үшін қажетті ақпаратпен уақтылы, толық және дұрыс қамтамасыз ету;
7) өз құзыреті шегінде құқықтық мемлекеттік статистиканы жетілдіру және ІІО-да ведомстволық статистикалық есепті қалыптастыру.
8) ІІО-да Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағат туралы заңнаманың негіздерінің орындалуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.