Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті

    Жалпы ақпарат

    1) министрліктің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    2) ақпараттандыру саласындағы ғылым және жоғары білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    3) министрліктің, Комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және жаңғырту бойынша стратегиялық бағыттарды әзірлеу;

    4) ақпараттық жүйелерді дамыту, енгізу, дамыту және жаңғыртуға қатысты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін жоспарлау, үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру;

    5) департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің қызметін ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

    6) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ету;

    7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыруды, реинжинирингті қамтамасыз ету және үйлестіру;

    8) білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау үшін мониторинг жүргізу;

    9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңістігінде үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

    10) өз құзыреті шегінде жоғары білім мен ғылым саласында ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу жөніндегі бірыңғай саясатты әзірлеу және үйлестіру;

    11) ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты ағымдағы шығындарды қаржыландыруға жиынтық өтінімдер дайындауды жүзеге асыру;

    12) жасанды интеллект жөніндегі жобаларды әзірлеу, енгізу, дамыту мәселелеріне байланысты министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін жоспарлауды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингілеу;

    13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында жасанды интеллект жөніндегі жобаларды енгізу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және мониторингілеу;

    14) ғылым және жоғары білім беру жүйесінде ұсынымдар, стандарттар және оларды іске асыру тәсілдерін әзірлеуді қоса алғанда, жасанды интеллект бойынша жобаларды әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

    15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының суперкомпьютерлерін енгізу және пайдалануға беру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

    16) жасанды интеллектіге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру.