Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті

    Жалпы ақпарат

    Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің қызметі:

    Министрліктің құзыреті шегінде цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша саясатты жүргізу;

    өз құзыретi шегiнде заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеудi және нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, сондай-ақ цифрландыру және мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы өзге де құжаттарды келiсудi қамтамасыз ету;

    Министрліктің цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өңірлермен өзара іс-қимылын үйлестіру;

    цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметті государственный органішілік үйлестіруді жүзеге асыру;

    Министрліктің құзыретіне кіретін цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарай;

    Министрліктің ішкі бизнес-процестерін цифрландыру стратегиясын анықтауға қатысу;

    Министрліктің құзыреті шегінде цифрландыру саласындағы жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

    цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыс топтарына, консультативтік-кеңесші органдарға және басқа да іс-шараларға қатысу;

    халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;

    Департаменттің құзыретіне жататын Операциялық жоспардың шеңберінде мақсаттар мен міндеттерді іске асыру және оларға қол жеткізуді жүзеге асыру;

    цифрлық технологиялар мен жобаларды одан әрі енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    экономика салаларын цифрлық трансформациялау қажеттілігін талдау және болжау;

    ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды құру және енгізу жөніндегі жұмысты, сондай-ақ сыртқы ақпараттық жүйелермен және деректер базасымен өзара іс-қимылды үйлестіру және бақылау;

    Министрліктің цифрлық вице-министрінің KPI CDTO көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды жүргізу;

    «Электрондық үкімет» деректерінің тұжырымдамалық моделін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау;

    «Электрондық үкіметтік» ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты тіркеуді және «электрондық үкіметтік» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін «электрондық үкіметтік» Архитектура порталында орналастыруды қамтамасыз ету;

    Министрліктің ақпараттандыру саласындағы бюджеттік өтінімдерін «электрондық үкіметтің» Архитектура порталында орналастыруды және редакциялауды қамтамасыз ету;

    Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволарының және аумақтық органдарының, оның ішінде «Мониторинг» АЖ арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен уақтылылығын бақылау;

    Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, олардың ведомстволық және аумақтық органдарында бақылау іс-шаралары нысанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынымдар әзірлеу;

    Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындауын бақылау және үйлестіру;

    Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың автоматтандыруға жататын функцияларының тізбесін айқындау және қалыптастыру;

    Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорацияға беру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

    сыбайлас жемқорлықты жою және электрондық форматқа көшіру арқылы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдардың жасырын мемлекеттік қызметтерін беру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу;

    Министрліктің бақылау-қадағалау функцияларын тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

    Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволарының және аумақтық органдарының бизнес-процестерін реинжинирингі бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру;

    Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын бақылау;

    Министрліктің ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімін тоқсан сайын есеп нәтижелері бойынша жаңарту және өзектендіру;

    Министрлiктiң құзыретi шегiнде цифрландыру және мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша халықтың ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.