Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті
Цифрландыру департаменті (бұдан әрі – департамент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулыларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Департаменттің міндеті цифрландыруды ұйымдастыру және басқару, әлеуметтік-еңбек саласында цифрландыру саясатын іске асыру болып табылады.
Функциялары:
- «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, «электрондық үкіметті» және әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- Министрліктің электрондық ақпараттық ресурстарын толтыру, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- цифрландыру саласындағы сараптамалық кеңестің келісімі бойынша Министрліктің IT-архитектурасын бекітуді ұйымдастыру, оны өзектендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ оны іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
- цифрландыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын әлеуметтік-еңбек саласының ашық деректерінің тізбесін бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- еңбек қатынастары және халықты әлеуметтік қорғау саласында ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы мемлекеттік органдарға ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің бірыңғай анықтамалығына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- өнім берушілердің шартта көзделген ақпараттандыру саласында көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейін қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
- кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде әлеуметтік-еңбек саласы мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
- Министрлік, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары, өзге де ұйымдар мен тараптар арасындағы бейнеконференцбайланыс режимінде өтетін кеңестерді техникалық сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және модификациялауға арналған техникалық тапсырмалар мен ерекшеліктерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;
- белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың стратегиялық жоспарларының көрсеткіштерін қарау және келісу.