Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті

    Жалпы ақпарат

    Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент келесі құрылымдық бөлімшелерден тұрады: Цифрлық даму басқармасы;

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және автоматтандыру басқармасы.

    Мақсаттары: министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттандыру және цифрландыру саласында бірыңғай саясатты жүргізу, министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды үйлестіру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыру, оңтайландыру және реинжиниринг жасау.