Бюджеттік жоспарлау департаменті
Жалпы ақпарат
Бюджеттік жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент 2 басқармадан тұрады Бюджетті жоспарлау басқармасы, Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы.
Мақсаттары: Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін тиімді қалыптастыру және мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу саясатын жүргізу.