Биржалық бақылау департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
    1.тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
    7. функциялар:
    1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
    2) Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    3) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;
    4) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржалары және биржалық сауда қызметінің мәселелері бойынша ақпарат жариялау;
    5) биржалық сауданы дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
    6) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау;
    7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру
    8) тауар биржалары саласындағы лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
    9) жоспардан тыс тексеру, Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ тауар биржалары саласында әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі материалдарды дайындау;
    11) Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау қорытындылары бойынша жауаптар (ұсыныстар) жобаларын дайындау;
    12) Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және агенттіктің құқықтық актілеріне, Агенттік туралы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.