Қауіпсіздік департаменті
Жалпы ақпарат
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің Қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік құпиялар туралы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16маусымдағы «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қазандағы «Ақпараттандыру туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
- Департаменттің құрылымын, штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
- Департамент мыналардан тұрады:
1) Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы;
2) Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы;
3) Жұмылдыру жұмысы басқармасы.