Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің негізгі функциялары:

    1. уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексімен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес қамтамасыз етеді;
    2. уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрылуын және қызметін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану шарттары бойынша келіссөздер жүргізу жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз етеді;
    3. уран өндіруге арналған үлгілік шартты, шарттың жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
    4. уран өндіруге арналған лицензиялар мен шарттарды мемлекеттік тіркеуді және сақтауды, сондай-ақ жасалған шарттар мен берілген уранды барлауға арналған лицензиялар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
    5. уран өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру, тоқтату және мерзімінен бұрын тоқтату туралы Агенттік басшылығына ұсыныстар енгізеді;
    6. уран өндіру саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
    7. уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, соның ішінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға, шарттар мен жобалық құжаттар ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
    8. уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардың өндірушілері тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
    9. уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану шарты бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді, соның ішінде қазақстандық өндірушілерден сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту және оқыту, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және цифрландыру бойынша міндеттемелерге мониторинг жүргізеді;
    10. уран өндіру саласында кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасуды және олардың орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
    11. атом өнеркәсібін және ядролық отын циклін дамытуға, атом өнеркәсібін дамыту саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қатысады;
    12. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, келісуге және бекітуге қатысады;
    13. өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді іске асыруға және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
    14. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
    15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.