Тәуекелдерді талдау және стресс-тестілеу департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің негізгі міндеттері:

    1) активтердің сапасына бағалау жүргізу және екінші деңгейдегі банктердің стресс-тестілеуін жүзеге асыру жолымен Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

    Қазақстан Республикасының банк жүйесінің

    2) банктердің модельдік тәуекелдерін және жасанды интеллектті пайдаланумен байланысты тәуекелдерді мониторингілеу және анықтау, жасанды интеллект модельдері мен шешімдерінің сенімділігін, дәлдігі мен тиімділігін талдауға арналған әдістемелер мен құралдарды жасау;

    3) статистикалық, қаржылық және өзге де есептілік деректерін және банк жүйесі бойынша мәліметтерді жинау және өңдеу, сондай-ақ есептілікті және өзге де ақпаратты алу және өңдеу процестерін жетілдіру;

    4) бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының тәуекелдерін олардың қатысушыларының қызметіне қадағалау бағалау жүргізу арқылы анықтау.