Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, сондай-ақ тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.