Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті
Функциялар:
1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциялары мемлекет берген мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;
4) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және жою;
5) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері мен келісілген әрекеттерінің, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу;
6) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс)қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап - арыз беру;
8) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану , сондай -ақ сотқа қатысу;
9) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпарат тарату және адал бәсекелестікті насихаттау;
10) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай- күйін талдау;
11) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдау және мониторингілеу;
12) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), Монопсониялық төмен бағаны анықтау;
13) Кодексте белгіленген тәртіппен нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша тергеп -тексеру жүргізу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кіріс органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай -ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде мәліметтерді сұрату және алу банк құпиясын, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын;
15) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай- күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті дайындауға қатысу; 16) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге қатысу, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей агенттің интернет-ресурсында өз қызметі туралы мәліметтерді орналастыру