Әкімшілік жұмыс департаменті
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департаменттің мақсаттары: Министрліктің ақпараттық инфрақұрылымын техникалық сүйемелдеу; Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру; Министрлік жетекшілік ететін салаларын цифрландыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді; Министрлігінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу барысын жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Министрлік мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен Министрлікке қарасты ведомстволардың жұмыстарын үйлестіру; Министрліктің орталық аппараты мен комитеттерінде құжаттаманың оның ішінде «Қызметте пайдалану үшін» белгісімен жүргізілуін ұйымдастыру; Министрліктің орталық аппаратында, комитеттерінде және бағынысты ұйымдарда «Халық үніне құлақ асатын» бағдарламасын мақсатында «Халық үніне құлақ асатын» Кеңсесімен бірге «Нәтиже» және «Жүйелік шешім» жобаларын іске асыру; Министрліктің орталық аппаратында және ведомстволарында өтініштер мен директивті құжаттардың қарауын бақылау; Министрлік қызметін жалпы ұйымдастыруды қамтамасыз ету.