Әкімшілік жұмыс департаменті

    Жалпы ақпарат

    Әкімшілік жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр, штат санын - Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.

    Департамент:

    • Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасынан;
    • Мемлекеттік тілді дамыту басқармасынан;
    • Қызметті ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасынан;
    • Өтініштермен жұмысты ұйымдастыру басқармасынан;
    • Бухгалтерлік есепке алу және жиынтық есептілік басқармасынан;
    • Бюджеттің орындалуын талдау басқармасынан тұрады.