Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департамент бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін қарау бойынша бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Департамент бюджеттік өтінімдерді беру кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және оларды қорғауды ұйымдастырады. Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Министрліктің орталық аппараты үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізуді қалыптастырады. Сонымен қатар, бөлімше Министрліктің Бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруға, сондай-ақ бюджет қаражатының толық және уақтылы игерілуін қамтамасыз етуге жауапты.

    Сонымен бірге, Департамент бюджет қаражатын жұмсау мониторингін және бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды, жалақыны, түрлі төлемдерді, әлеуметтік және салық аударымдарын есептеуді жүргізеді.