Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Кешенді тестілеу өткізілді

    24 сәуір 2025 жылы Департамент басшысы М.А.Нысанбаев Жамбыл ауданы білім бөлімінің Жамбыл атындағы орта мектебінің 2025 жылдың жоспарына сәйкес 9-шы сыныптардан кешенді тестілеу жүргізді. Тестілеу соңында мектеп ұжымымен кездесіп, білім саласындағы саясат пен өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік аттестаттаудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық салдарын болдырмау, педагогтің әдебі мен біліктілігі туралы ашық сұқбат жүргізді. Жеке қабылдау өткізіп, педагогтердің сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, ұжымдар тарапынан алынған ұсыныстар тізбесі алынып, тиісті мекемелерге жолданатын болады.

    23 сәуір 2025 ж.Тікелей
    Т. Рысқұлов ауданы