Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының Іскер әйелдер кеңесі 15 қыркүйекте Алматы қаласындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ермекбаева Г.О. және бөлім басшысы Омарова Г.Т. №159 гимназиясында 2026–2027 оқу жылдары мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектеп басшыларымен кездесу өткізді.
Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшылары Омарова Г.Т. , Усенов Б.С. және Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына арналған семинар-кеңес №222 және №146 мектептерінде өткізді.
Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елдегі балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары үшін міндетті лицензиялау жүйесі енгізілді.
🏗️ Алматы қаласындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептерге мониторинг жүргізілуде
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Оқиғалар
Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. Бостандық ауданының білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) басшыларымен онлайн форматта (Zoom платформасында) кеңес өткізді.
2026 жылғы 24 сәуірде Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. Бостандық ауданының білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) басшыларымен онлайн форматта (Zoom платформасында) кеңес өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты — педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызмет барысында осы қағидаттарды қатаң ұстанудың маңыздылығын талқылау. Жиын барысында №190 бұйрық талаптарын сақтау, педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу. Жұмыс барасында негізгі мәселелерге назар аудару: ▫️ білім алушылармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау; ▫️ әлеуметтік желілерде қызметтік әдепті ұстану; ▫️ әріптестер арасындағы өзара сыйластық қағидаларын сақтау; ▫️ қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу; Аталған талаптарды сақтау — білім беру сапасы мен педагог мәртебесінің кепілі.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
2025 жылғы 12 қарашада Департаменттің кезекті Консультациялық-кеңесші органының комиссия отырысы өтті.
2025 жылғы 12 қарашада Департаменттің кезекті Консультациялық-кеңесші органының комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында педагогтің өтініші қаралып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №190 бұйрығының талаптарын сақтамау фактілері талқыланды. Комиссияның қарауына сәйкес, мәселе жан-жақты зерделеніп, қорытынды бойынша Алматы қаласы Білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Департамент білім саласындағы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізуді жалғастырады.