Жоспарлау және жедел басқару орталығы (басқару құқығында)

    Жалпы ақпарат

    Функциялары:

    1) тәулік бойы жедел кезекшілік қызметті атқару;

    2) ТЖ қаупі немесе орын алған фактілері туралы азаматтар мен ұйымдардан қабылдау.

    3) ТЖ жоюға күш және құралдарды жедел жіберу;

    4) ТЖ аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кезінде ТЖ жою басшысынан нұсқаулар мен өкімдерді қабылдау және жіберу;

    5) Кезекші қызметтерге немесе кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне жоғары тұрған басқару органдарымен қойылған міндеттерді жеткізу және олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ ТЖ жою кезінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіру.

    6) ТЖ орын алған фактілері және салдары туралы, сондай-ақ олардың салдарын жою жұмыстарының барысы бойынша жедел ақпаратты жинақтау және өндеу;

    7) Департамент бастығының нұсқау бойынша тартылған күштердің құрамын және пайдаланған құралдарды нақтылау, оларды жіберу және жоғары дайындық деңгейге келтіру;

    8) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайда басқару орталығының (бұдан әрі - ДЖБО) жедел кезекшісіне және Департаменттің басшылығына әрі қарай ұсыну үшін болжамдық ақпаратты жинақтау және қалыптастыру сейсмикалық, сел-көшкін,гидрометеорологиялық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, гидротехникалық және су объектілерінің ахуалы және т.б. мәліметтер бойынша нәтижелерді қорытындылау;

    9) ТЖсалдарынжоюғатартылғанжағдайда,басқару органдары мен күштердің азаматтық қорғау облыстық жүйесінің құрамына кіретін азаматтық қорғау қызметтерімен ақпараттық өзара алмасу.

    10) ТЖ орын алу фактілері мен салдары туралы, сондай-ақ оларды жою жұмыстарының барысы бойынша белгіленген тәртіппен жоғарыда тұрған басшылыққа жедел ақпаратты дайындау және ұсыну;

    11) облыс аумағындағы жедел ахуалы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну.

    12) байланыс және құлақтандыру каналдарының жұмыс тұрақтылығына бақылау;

    13) «Арал» республикалық құлақтандыру жүйесі бойынша бақылау, оқу-жаттығулық және жауынгерлік дабылдарды қабылдау және уақытылы жіберу;

    14) облыс әкімінің өкімі және Департамент басшысының келісімінегізінде облысхалқын құлақтандыру бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосады;

    15) Департамент бастығының өкімінің негізінде облыс халқын құлақтандыру бойынша азаматтық қорғау бойынша оқулар және облыс құлақтандыру жүйесін техникалық тексеруді жүргізу кезінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосады.