Қызметкерлер — Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Сәбитов Бақдаулет Маратұлы
    Қызметкерлер

    Сәбитов Бақдаулет Маратұлы

    Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

    Бақдаулет Маратұлы 1992 жылы 6 сәуірде Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша білім алған (2010-2014). Шымкент университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын оқыған (2016-2018). Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының EMBA «Спорт менеджменті» магистрі (2024-2025). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дзюдодан спорт шебері. ҚР Қазақ күресі Федерациясында басшылық қызмет атқарған. 2022 жылдың сәуір айынан бастап 2025 жылдың қаңтар айына дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» РМҚК директоры болды.

    Бөлім

    4

    Басқа қызметкерлер

    1
    Нұржанов Мирболат Сағынғалиұлы
    Қызметкерлер

    Нұржанов Мирболат Сағынғалиұлы

    Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары

    Мирболат Сағынғалиұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Первомай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, ғылыми дәрежесі – магистр. 2003 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих және география пәндерінің мұғалімі, 2008 жылы Еуразия академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын тәмамдаған. 2019-2021 жж. халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен «Стратклайд» университетінде (Ұлыбритания) «жобаларды басқару және инновация» мамандығы бойынша білім алған.