Қызметкерлер — Жалпақтал ауылдық округі

    Жалпақтал ауылдық округі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Алибеков Гадилбек Алибекович
    Қызметкерлер

    Алибеков Гадилбек Алибекович

    Аким Жалпакталского сельского округа

    Жалпы ақпарат, білімі Әлібеков Ғаділбек Әлібекұлы 1976 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «ветеринария» мамандығы және 2003 жылы Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандағы бойынша тәмамдаған. Мансап Еңбек жолын 1996 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ветеринарлық клиникасында жұмысшы қызметінен бастаған; - 1996-1998 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ветеринарлық клиникасында күзетші; - 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Казталов аудандық аумақтық басқармасында малдәрігерлік инспектор; - 2006 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Казталов аудандық аумақтық басқармасының Қараөзен селолық округі бойынша ветеринарлық инспектор; - 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Казталов аудандық аумақтық басқармасының Қараөзен ауылдық округі бойынша ветеринарлық инспектор; - 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық инспектор; - 2009-2011 жылдары Казталов ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі; - 2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының ветеринарлық бөлімінің бас маманы; - 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы; - 2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Бөкей ордасы аумақтық инспекциясының басзшысы; - 2020-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ветеринария басқармасының Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры - 2022 жылдың тамыз айынан бастап Казталов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Жанұялы, отбасында жұбайы, бір ұлы бар.

    Басқа қызметкерлер

    1