Құрылым — Қаратөбе ауданының әкімдігі

    Қаратөбе ауданының әкімдігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Аққозы ауылдық округі

    bko-karatobe-akkozi

    Қаратөбе ауылдық округі

    bko-karatobe-karatobe

    Егіндікөл ауылдық округі

    Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

    bko-karatobe-egindikol

    «ЖУСАНДОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

    Ауыл туралы

    bko-karatobe-zhusandioi

    Саралжын ауылдық округі

    Саралжын селолық советінің тарихы әріден басталады. 1927 жылғы мәлімет бойынша №21 ауыл Қарақамыс ауыл-дық кеңесіне қараған. Ал колхоздасты-ру кезінде 1938-1957 жылдар аралы-ғында Саралжын селолық советі болған. Оның жерінде «Айна», «Жаңатілек» колхоздары, 1952 жылдан ірілендіріл-ген «Ленин» колхозы болған. 1957 жы-лы колхоздар жойылып, совхоздар құ-рылған кезде Саралжын селолық со-ветін Аққозы ауыл советіне біріктірген. 1961 жылдың аяғында Саралжын сов-хозы құрылған соң ғана, яғни облыстық атқару комитетінің 04.05.1962 күнгі №233 шешімімен Саралжын советі қызметін қайта бастаған. Совхоз, негізі-нен мал шаруашылығымен, соның ішін-де қаракөл елтірісін өңдеумен шұғыл-данған.1988 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша селолық советіне қарасты Саралжын қаракөл совхозы мен оның 3 фермасында (№1 ферма, Сәуле, Бесотар ауылдары) 360 үй, 2151 адам, олардың жеке шаруашылықтарында 1180 бас ірі қара, 2525 қой, 305 ешкі, 178 бас жыл-қы болған. 1991 жылы 25 қаңтар күні ҚазКСР Министрлер Кабинетінің қаулы-сымен Саралжын қаракөл совхозына Мұхит Мералиев есімі берілген. 1993 жылдан бастап қоғамдағы өзгерістерге сай Мұхит совхозы жұмысын тоқтатып, оның жері, мүлкі негізінде Мұхит атын-дағы жалгерлік кәсіпорынға айналды. 1994 жылы ұжымдық кәсіпорын, 1996 жылы Мұхит атындағы өндірістік коопе-ратив болып құрылғанмен, бір жылға жетпей банкрот болып танылып, об-лыстық соттың шешімімен жойылған. ҚР-ның «Жергілікті өкілетті және атқа-рушы органдары туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Саралжын ауылдық әкім-шілігі 1994 жылы 8 қаңтарда құрылып, әкім тағайындалды. Саралжын округі мен оған қарасты Қарақамыс,Сәуле еолі мекендері кіреді.Оңтүстік шекаралас аймақтары Атырау облысы мен шығыс бағытында Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

    bko-karatobe-saralzhin
    Қаракөл ауылдық округі

    "Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

    «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қаратөбе ауданының оңтүстік шығысында орналасқан ауылдық округі әкімшілігі. Ауылдық округ территориясында Алакөл және Ақтай-сай елді мекендері орналасқан. Орталығы – Ақтайсай ауылы. Аудан орталығынан 35 км, облыс орталығынан 290 км жерде орналасқан. Құрылымы 1999 жылғы ҚР «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» заңның 24 бабына сәйкес Орал облысы әкімінің 14.02.1992 жылғы Жарлығымен жергілікті советтің өкілеттігі тоқтатылып, аталмыш заңның 48 бабына сәйкес аудан әкімініі 06.01.1994 жылғы №1-6 шешімісен Қаракөл ауылдық округтік әкімшілігі құрылған. Негізгі қызметі: Республика Заңдарының, Президент Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің қаулыларын жергілікті жерлерде орындалуының барлық шарасын алу, территориясындағы халықтың әлеуметтік – тұрмыстық жәйін қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде референдум, сайлаулар өткізу. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылғанға дейін Қаракөл селолық әкімшілігі (қаңтар 1994 жыл), Қаракөл селолық Советі,оның атқару комитеті жұмыс жасады. Қаракөл селолық советі ең алғаш 1932 жылы құрылған. Бүгінгі таңда «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді: «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу». «Жер усачкесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім еру». «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру». «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою». Округ аумағындағы тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуді қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету (компютерлік жабдықтар)бұрышы мен eQoldau автоматтандырылған жүйесі орнатылған.

    bko-karatobe-karakol

    Қоскөл ауылдық округі

    Қоскөл- Қаратөбе ауданындағы көл және елді мекен аты. Қалдығайты өзенінің орта ағысында орналасқан. Аумағы 2.84 км. Жер бедері қоңыр, құмдақты, сортаңдау қоңыр, топырақты белдеуде орналасқан. Қоскөл ауылы- Қаратөбе ауданының солтүстігінде, аудан орталығынан 80 км., Орал қаласынан 280 км., ең жақын деген темір жол станциясы Шыңғырлаудан 180 км. қашықтықта орналасқан, солтүстік батысында Сырым, шығысында Шыңғырлау аудандарымен шектеседі. Округ әкімшілігі құрылғанға дейін Қоскөл селолық Советі, оның атқару комитеті жұмыс жасап келеді. 1972 жылғы мәлімет бойынша №3 ауыл Қоскөл Советіне қараған. Қаратөбе аудан болып құрылып, Советтер ірілендірілгенде Қоскөл селолық Советінің атауы Каганович деп өзгертілген. 1957 жылы колхоздар жойылып, совхоздар құрылған кезде ауылдық советтер де біріктіріліп, іріленген. Каганович с/советі жұмысын тоқтатып,ол территориялар Егіндікөл с/советіне қосылды. 1967 жылы ғана Егіндікөл совхозының жаңадан құрылуына байланысты, Қоскөл совхозының территориясына әкімшілік басшылық жасап, қамтуы үшін Орал облыстық Советі атқару комитетінің 14 қыркүйек 1967 жылғы қарарымен Қоскөл селолық Советі құрылған. ҚР-ның "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Заңның 48 бабына сәйкес Қоскөл ауылдық әкімшілігі 8 қаңтар 1994 жылы құрылып, әкімі тағайындалған.

    bko-karatobe-koskol