Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты
Жылыой ауданының Қара-Арна ауылдық кеңесі ауданның 4 колхозы ізінде 1952 жылы құрылып, 1993 жылдың желтоқсан айында Қара-Арна ауылдық округі болып өзгертілді.
Округ территориясы бұрынғы «Қазақстан» совхозының жер аумағы негізінде батысы Мақат ауданымен, солтүстігінде Қызылқоға, Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен, шығысы мен оңтүстігінде Жем өзені және Жем ауылдық округі территориясымен шектеседі.
Ауылдық округтің орталығы Шоқпартоғай ауылы, аудан орталығы Құлсары қаласынан – 25 км.
Ауылдық округ әкімі Сағын Ербол Нұртайұлы 2025 жылдың 15 шілдеден бастап осы қызметте жасайды.
Ауылдың аумағы 5725 гектар. Халқының саны 3130 адам.
Жаңалықтар
Құжаттар
Қара Арна ауылдық округі әкімі Е.Сағынның Қара Арна ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы
«БЕКІТЕМІН» Қара Арна ауылдық округі әкімі __________________Е.Сағын 2026 жылғы «___»____________ Қара Арна ауылдық округі әкімі Е.Сағынның Қара Арна ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы № Сұрақ қоюшы Мәселенің қысқаша мазмұны Орындалысы 1 Қарағұлов Орынбасар – ауыл тұрғыны ; Қамтылмай қалған көшелерге көше жарығын жүргізу; Ауылішілік 20,6 км тас жол құрылысы толық аяқталғаннан кейін, көше жарығына ЖСҚ жасақталып, қаражат сұратылатын болады. 2 Электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету Қазіргі таңда эл.энергиясы үздіксіз берілуде. "Жайық-Жарығы" ЖШС жүргізіп жатырған, эл.желілері және трансформаторлар толық іске қосылды. Тұрғындарға үйлеріне жаңа линияға қосылу үшін «Атырау-Жарық» мекемесімен техникалық шарт жасақтау туралы хабарлама берілді. 3 Табылғанов Алпамыс – зейнеткер, ауыл тұрғыны Балалар ойын алаңын жаңарту, жөндеу; Балалар ойын алаңын жөндеу жұмыстарына ЖК «Қуанышқалиева Ақмаржан» жөндеу жұмыстарын жүргізді. 4 Бөлтеков Сәндібек - ауыл тұрғыны Кірме жолдың тазалық жұмыстарын ұйымдастыру; Орындалды. Кірме жол тазаланды. «Нұрхан» ЖШС кірме жолдың тазалығын уақытылы жүргізіп отыр. Автокөпірдің адам өткелі жөнделді. 5 Кірме жолдағы авто көпірдің адам өткелінжөндеу 6 Тінеева Нургул Шағын футбол алаңын салу ; Шағын футбол алаңына қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталып, қолдануға беріледі деп күтілуде. ------------------------